2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 170-187-қосымшалар) (үзінді) (2007.10.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу, Алматы қаласында метрополитен құрылысының бірінші кезегін салу бойынша орындалған жұмыстар көлемі.

Түпкі нәтиже: автомобиль жолдарының желісін дамыту үшін объектілерді пайдалануға енгізу.

Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

187-ҚОСЫМША

 

215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын ұстау»

деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 320475 мың теңге (үш жүз жиырма миллион төрт жүз жетпіс бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1202 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Transport tower» ғимаратына (бұдан әрі - Ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғимаратқа техникалық және шаруашылық қызмет көрсету, жылумен, суық су, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріне профилактикалық жұмыстарын жүргізу, Үкіметтік байланыс кабелін өткізу.

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

030

  

"Transport tower" әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын ұстау

 

Ауданы 32294 шаршы метр ғимаратты, соның ішінде: электртехникалық жабдықтарды, инженерлік желілер мен коммуникацияларды, желдеткіштің сору-шығару жүйесін, өрт қауіпсіздігін, өрт сигналын беру мен түтінді жоюды, сыртқы және ішкі желілері бар автоматты телефон станциясын ұстап тұру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; сыртқы инженерлік желілерге қызмет көрсету; суық-жылумен жабдықтау, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйесінің профилактикалық жұмыстарын жүргізу, лифтілер жұмысы; Ғимаратты күзету; Ішкі үй-жайлары мен ғимараттың қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты таза ұстау, өңдеу, аумақтан қоқыс пен қарды әкету, оны абаттандыру, терезелерді және витраждарды жуу және ғимараттың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті жұмыстар; кіруді бейнебақылау жүйесі, конференция залдарындағы дыбыс күшейткіш жүйелері, көрсетілген жүйелерді қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету; ғимаратты күтіп ұстау бойынша жабдықтаушы функциясын орындау, ғимаратқа шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, Ғимаратқа шаруашылық қызмет көрсету үшін қажетті тауарларды сатып алу.

Қазандықагрегаттарды, лифттерді, энергожүйелерді тексеруге қатысты сұрақтарды шешу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасын ың Көлік және коммуникация министрлігі

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік қызметті пайдаланушылар: мемлекеттік қызметкерлер.

Тікелей нәтиже: ауданы 32294 шаршы метр ғимаратты күтіп ұстау, ғимараттың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау мақсатында ғимаратқа профилактикалық жөндеу жұмыстарын, инженерлік, санитарлық жұмыстарды, көгалдандыру мен абаттандыруды уақтылы жүргізу.

Түпкі нәтиже: ғимараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлер үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.

Қаржы-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражаттарын тиімді шығындау.

Уақтылығы: жыл бойы.

Сапасы: техникалық нормаға сәйкес.